Кентауда кездесейік, балуандар!

Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін өткізілетін дәстүрлі 57-турнирдің ШАРТЫ

1. Жарыстың мақсаты мен міндеті

– Ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту және облыс жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау;

– балуандардың спорттық шеберлігін шыңдау;

– алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу;

– қазақ күресін халықаралық деңгейде таныту және бұқаралылығын арттыру;

– жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

2. Жарыстың өткізілетін орны мен мезгілі

Жарыс Кентау қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт мектебінде 25-26 сәуір күндері өтеді. Салмақ өлшеу және комиссиядан өту 25 сәуір күні, ал, белдесулер 26 сәуір күні өтеді.

3. Жарысты ұйымдастыру

Жарысты ұйымдастырудағы жалпы басқару «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Кентау қаласы әкімдігіне жүктеледі. Төрешілер мен дәрігерлік қызметті ұйымдастыруға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, жергілікті жердегі жарысты ұйымдастыруға Кентау қаласы әкімдігі жауапты болады. Жарысқа қатысушылардың жол шығыны мен жатар орны, күнделікті тамағы жіберуші мекемелер есебінен төленеді.

4. Жарысты өткізу тәртібі

Жарыс республикалық Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Белдесулер 60, 66, 74, 82, 90, 90+ келі салмақ дәрежелерінде өтеді. «Түйе балуан» атағын сарапқа салу үшін 82 келіден жоғары балуандар күреседі және бұл сынға 2000 жылдан кейін туған балуандар жіберілмейді. Командалық есепте жеңімпаздар жүлде саны бойынша анықталады. Әр балуанның өз спорттық киімі, екі күртешесі (көк және қызыл) болуы шарт. Әр салмақта бір командадан 1 ғана спортшы қатыса алады. Жекпе-жек барысында балуандар өзара келісіп күресетін болса, жарыстан шеттетіледі. Турнирге қатысушылардың дәрігерлік анықтамасы болмаса жарысқа жіберілмейді. Жарысқа қатысатыны жөніндегі мәліметтерді командалар газет редакциясына 2019 жылдың 22 сәуіріне дейін жолдауы тиіс. Өтініштер 53-91-97 факсіне немесе okgazeti@gmail.com kentau-sport@mail.ru электрондық поштасына жолдануы қажет.

5. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау

Салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған балуандар «Оңтүстік

Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Кентау қаласы әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтарға, тиісті дипломдарға ие болады. Түйе балуанға автокөлік сыйға тартылады.

 

Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

+7 (7252) 53-91-97,

+7 (747) 502 49 99,

+7 (702) 770 46 55.

Ұйымдастыру алқасы.