Реформатор

Поделиться:

 

Кешегі кеңестік режимнен кейін ел іргесін нығайту, экономикасын қайта құру, елдің негізгі ресми атрибуттарын анықтау, шекарасын бекіту, ұлтаралық және дінаралық сенім мен татулықты, қоғамдық тұрақтылықты, рухани құндылықтарды қайта тіктеу үдерісі Елбасының бастамасымен жүзеге асқанын ешкім жоққа шығара алмайды.

 

Өз басым Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік өкілеттілігін өз еркімен тоқтатуын мәрттік пен даналықтың үлгісі ретінде қабылдадым. Бұл мәрттік, бұл даналық тек Елбасының ғана абыройы емес, қазақ деген ұлы халықтың да еншісі. Тұңғыш Президент алыс және жақын шетелдердің саяси тарихында болмаған қадам жасады. Бұл, әрине, саяси әрі адами көрегендік еді. Билік транзиті – қоғамның баяндылығы мен тыныштығына тікелей әсер ететін құбылыс. Билік үшін күрес, таққа талас талай елдің берекесін қашырып, ырысын төккені тарихтан мәлім. Елбасының отыз жылдық саяси лидерлік дәуірі Қазақ елі үшін өтпелі кезең еді. Енді тарихи трансформация табиғи түрде жүріп жатыр. Бірақ, ішкі және сыртқы күштердің егемендікке қауіп төндіретін әрекеттері мен жат күштердің ішкі істерімізге қитұрқы түрде килігулері бұған дейін де болды, әлі де мақсатты түрде жалғасып жатыр.

Елбасының экономикамен қоса, рухани жаңғыруды, мәдениет қабаттарындағы ақтаңдақтарды, елдік критерийлерді қалпына келтіру жолындағы бағдарламалары мәңгілік құндылық болып қала береді. Қазақтың мәдени, өркениеттік, мемлекеттік, руханият қабаттарындағы бастамалар да Нұрсұлтан Әбішұлының айқын қолтаңбасы.

Ұлт Көшбасшысы рухани жаңғыруды болашақтың бағдары ретінде көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асыруға бар ынта-ықыласымен кірісіп кетті. Мұны көрген елдің еңсесі көтеріліп сала берді.

Бірде халқымыздың тарихи-рухани орталығы – Түркістанға табан тіреген Елбасы Әзіреті Сұлтанға «Ясауи – біздің Конфуцийіміз» деп анықтама берген болатын. Кейіннен Президент сол Түркістанды облыс орталығы етіп жариялап, саяси статус беріп, көне қаланың тарихи санамыздағы орнын жаңғыртты. Бұл шешімі арқылы Түркістанды барша түркі халықтарының рухани орталығы дәрежесіне қайта көтеруді мақсат етті. Сонымен қатар, ортақ тарихи сананы да жаңғыртуға ықпал етеді. Осы мақсатта «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегін жариялап, қазақ болмысының әлем тарихындағы маңызды орнын көрсетіп берді.

Қорыта айтқанда, Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасы – мемлекеттілігіміздің баяндылығы мен еліміздің болашағына ашылған ұлы арна. Мұны өскелең ұрпаққа таныту – қоғамдық, азаматтық парызымыз.

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также