Түркістанның кіреберіс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстары басталды. Биыл наурыз айының соңғы күндері басталған жолды кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол кеңейтіліп, ол шілде айының соңында пайдалануға беріледі, ал, екінші кезеңде қалған 2 шақырымы кеңейтілетін болады. Осы жұмыстар сақталған сон жолдың ені 18 метр болмақ. Жол құрылыс жұмыстарын «ДорСтрой» фирмасы мен қосалқы мердігер «Ақжол» ЖШС атқаратын болады. Жалпы, Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған.
Сонымен қатар, Түркістанның бас жоспары мен жол кеңейту жұмыстарына сәйкес Б.Саттарханов даңғылының бойындағы бірнеше кәсіпкерлік нысан мен тұрғын үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады.
Комментарии