Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығында» 2 сәуір 2019 жылғы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік» ашық есік күні балалар психиатрлары, логопед, психолог мамандарының қатысуымен өтті.
Шараға 48 ата-ана балаларымен қатысты. 3 дәрігер ата-аналарға аутизм туралы баяндама жасады. Баяндама соңынан мамандар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ата-аналар жағынан көптеген сұрақтар қойылды, соның ішінде «Аутизм» ауруының белгілері туралы, аутизмі бар балаларды қалай тәрбиелеу туралы, мүгедектікке шығару, емдеу мәселелері бойынша сұрақ жауаптар болды.
Ата-аналар ашық есік күнін ұйымдастырған мамандарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Комментарии