Қайрат ЗАЙНИШЕВ, «Ońtústik Qazaqstan».
Сенбі күні Түркістан қаласына «Silk road train» туристік пойызы келді. «Алматы–Ашхабад» бағыты бойынша жүретін пойызда 100-ге жуық шетелдік турист 12 күн бойы саяхаттап, әр аймақтағы құнды жәдігерлермен және табиғаты тамаша мекендермен танысады. Биылғы жылғы сапар аясында туристік маршруттың бір күні киелі шаһар Түркістанға арналды.
Әр елден жиналған саяхатшыларды түркістандықтар теміржол вокзалынан күтіп алды.
Қаланы бір күн бойы аралаған қонақтар Қ.А.Ясауи кесенесінде болып, ондағы жәдігерлермен танысты. Жаңа облыс орталығы мәртебесіне ие қаланың даму перспективасынан хабардар болды.
– Бұл туристік пойыз жылына төрт рет, яғни, көктемде – екі, күзде екі рет сапарға шығады. Биыл Польша, Эстония, Канада және өзге де елдерден
92 саяхатшы келді. Жалпы, қазір Түркістанға келіп жатқан туристердің саны артуда, – дейді туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков.
Шетелден келген қонақтар кесене аумағында орналасқан этноауылда болып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Түрлі тарихи деректерден хабардар болып, үлкен әсерге бөленіп қайтты.
Комментарии