«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті. Онда көпшілік Астана қаласының атын Елбасының есімімен атауға қолдау білдірді.
Форум барысында сөз алған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры А.Байғұтова, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Түлкібас аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Х.Қожабаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті А.Мұратқызы Елбасының ерен еңбектеріне тоқталып, экономикалық және саяси реформалары мен ауқымды жаңғырту бағыты еліміздің қарыштап дамуының символына айналғандығын атап өтті. Тұңғыш Президентіміз еліміздің серпінді дамуының берік негізін қалағандығын сөз етіп, ел астанасын «Nur-Sultan» деп атауды қолдайтындықтарын білдірді.
Қайрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.
Комментарии