Тарих қойнауынан сыр шертер

Тарих қойнауынан сыр шертер

Елбасымыз ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, тағылымын танытатын тарихымызды негізге алып, бүкіл қазақ жұртшылығына кезекті мақаласын жария еткені баршаңызға мәлім. «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын аса маңызды, тамыры терең, тарих қойнауынан ақиқат келтірілген жаңа мақаланың бүкіл қазақстандықтар үшін орны ерекше. Әрі болашаққа нық қадам жасауға, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуге, келешек ұрпақтың тарихын тануға септігін тигізер бұл мақаланың жөні бөлек деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы күнге дейін салмақты саясаты арқылы, асқақ абыройымен қазақ елінің атын күллі әлемге танытып келеді. Енді, міне, ұлт тарихының жеткілікті жеті қырын айшықтап, тарихи санамыздың жетілуіне тағы бір серпін беріп отыр. Маңызды мақаланың астарында Отанға деген сүйіспеншілік, өткенге үңілу, түп тамырыңды тану сияқты орнықты ойлар жатыр.
Расымен де, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, әсіресе, елдің ертеңі – жастар үшін жалынды жігер, отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, білім жолында қиялына қанат бітіретініне сеніміміз мол.

Ақшолпан МАРАТ,
«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.