Айдынды Исраил ақынмен кездесу

Айдынды Исраил ақынмен кездесу

Жуырда біздің мектепте, Елбасы Н.Ә.Назарбаев-тың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында кездесу кеші өтіп, оған белгілі ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай шақырылды.Кешті ұйымдастыруға қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің мұғалімдері ат салысты.
Кеш Исраил Сапарбайдың «Бойжеткеннің жүрісі» өлеңі арқау етілген көрініспен басталды. Мұнан кейін қонағымыз сөз алып, өмірбаянымен, өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырды, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 9 сынып оқушысы А.Шойбеков ақын ағамызға арнауын оқып берді. Кештің екінші бөлімінде сазгер ақынның әндерін оқушылар мен ұстаздар шырқады. Концерт барысында «Жас ұлан» тобының орындауында «Қазақтың қара баласы», музыка пәні мұғалімі Ш.Бұхарбаеваның орындауында «Егіз-лебіз», «Атамекен», Жанаттың орындауында «Махаббат маралы», «Аялашы жүрегімді», Сапар мен Ақботаның орындауында «Сен болмасаң», республикалық «Ғұмырдария» ән байқауының лауреаты, 10 сынып оқушысы Файзуллаева Гүлсімнің орындауында «Қазақ қызы», Іргелі ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері Талғат Ысқақов және Ақторқа Тотымбаеваның «Екеумізде бір бақыт», Шолпанның орындауында «Аялашы мені», «Гүл сезім» әндері және 8 сынып оқушысы Еженхан Олжас тартқан «Әлқисса» күйі көрермендердің көңілінен шықты.
Сонымен мектеп директоры Г.Рахымбаева кеш соңында сөз алып, ақынға үлкен рахмет айтты, шапан кигізіп, сый-құрмет көрсетті.

Р. ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
М. Мәметова атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Көксай ауылы.