Мұздағы қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару ережелері

Мұздағы қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару ережелері

Әр адам мұзға байланысты әртүрлі төтенше жағдайларға түсуі мүмкін (балық аулау, су айдынынан өткенде, самолет, пойыз апаттары болғанда, т.б.). Табиғаттың қыс мезгілі адамдарға мейірімді болмайды, ол жеңіл ойлаушыларды, қауіпсіздік ережелерін білмегендерді қатты жазалайды.
Мұздағы қауіпсіздік.
Қатпаған жұқа мұз үстіне жалғыз да, топ адам болып та шықпаңыздар. Ойықтарға, жарылған мұзды жерлерге жақындамаңыздар. Шанамен, шаңғымен тік жарлы жерлерден өтпеңіздер. Мұз айдынына қараңғы уақытта шықпаңыздар.
Мұз айдынынан өтудің тәртібі.
Мұздың қалыңдығы сенімсіз болған жағдайда, үстімен абайлап өткен дұрыс, қадамыңызды жылжып басып, табаныңызбен аяғыңызды толық басып, жағдайдың өзгерісіне дайын болғандарыңыз маңызды. Қырлы жерлерде, қауіпті орындарда шаңғымен жүргенде шаңғы бекіткіштерін шешіп, шаңғыдан тез арада босау қажет. Өйткені, шаңғы мұзға деген қысымын азайтады және екі қолыңызды да шаңғы таяқтарының бауларынан босатуыңыз қажет. Топ адамдар мұз үстінде болған жағдайда, тізбекпен жүріп, арақашықтықтары 5-6 метр болғаны дұрыс. Бірінші болып топтың арасындағы дайындығы бар, тәжірибесі мол адам жүргені қажет. Ол міндетті түрде ұзын арқанмен қауіпсізденіп, құтқару жилетін киюі керек. Ақырын жүрсеңіз мұз аз жарылады (мұз айдынында секірмеңіз, жүгірмеңіз). Мұздың жарылған дыбыстары, мұз келбетінің өзгеруінен, судың мұз бетіне шығуынан анықтауға болады. Аяғыңыздың астында мұз жарылса бірден әбігерге түспеңіз, шыдамдылық танытыңыз, мұз жарылған жағдайда үстіңізде рюкзак болса, босаныңыз, қолыңызды екі жаққа бағыттап, кеудеңізбен мұз үстіне жатып алып, аяғыңызды жан-жаққа жіберіңіз. Егер де сіз мұз жарылып суға түсіп кетсеңіз, онда үстіңіздегі ауыр заттарды лақтырып тастап, қалың мұзға шығу қажет. Бірінші мұздың бетіне бір аяғыңызды, сосын екінші аяғыңызды шығарып алыңыз да, ойықтан ара қашыққа аунап кетіңіз.
Егерде сіз мұз астында суға кетіп бара жатқан кісіге көмек көрсеткіңіз келсе, мұздың ойылған жеріне тұрған қалыпта жақындамаңыз, мұз үстіне кеудеңізбен жатып алға жылжып қолдарыңызды, аяқтарыңызды жан-жаққа жіберіп, жәбірленушіге жақындаған сәтте аяқты ыңғайлы жерге тіреп, арқан, шаңғы таяғы, шарф, сыртқы киімге байлап, жәбірленушіге жеткілікті арқанның бір жағын лақтырыңыз.
Т. МАЙЛЫБАЕВ,
облыстық «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық
бөлімшесінің бастығы.