Қарасайлықтар тағы да жеңіс тұғырында!

Қарасайлықтар тағы да жеңіс тұғырында!

Таяуда ғана, яғни, 19-22 шілде аралығында, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындары өтті. Талдықорған қаласында болған өңірлік бәсекеге барлығы 20 команда қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, танымал спорт түрлерін және ежелден келе жатқан халық ойындарын одан әрі дамыту мақсатында қолға алынған, сонымен қатар, жаңа резервтер дайындап, спортшылардың шеберліктерін шыңдау көзделген жарыстың саламатты өмір салтын насихаттауда да маңызы зор екені анық.
Бұл дүбірлі додаға біздің ауданның 120 адамнан құралған командасы да үлкен дайындықпен қатысып, жүлделі І орынды қанжығасына байлап қайтты. Әсіресе, 12 түрлі сайыстан тұрған доданың сегізінен қарасайлықтардың үздік нәтиже көрсетуі жеңіс тұғырына жетуге түрткі болды. Бұл ретте тоғызқұмалақшылардың, волейболшылардың, палуандар мен үстел теннисшілерінің, президенттік көпсайысқа қатысушылардың еңбектерін ерекше атаған артық болмас.
Сонымен қатар, ІІ орын талдықорғандықтардың, ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданы спортшыларының еншісіне тигенін де айта кеткен жөн.
К. КӨПБАЕВА.

 

Последние новости

Тарихтан тағылым
Латын графикасына көшу кеңістігімізді кеңейтеді
«Атамекен» орталығын аралады
Жастар рейд жүргізді
Приобретая скот, создавая кормовую базу
Қатердің алдын алайық
Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе