Қатердің алдын алайық

Қатердің алдын алайық

Терроризм қазіргі таңда елімізге төніп тұрған қатерлердің бірі болып табылады. Өкінішке қарай, террористік әрекеттер тек үдеп қана қоймай, оны тудыратын шарттар да әркелкіленіп отыр. Осы уақытта азаматтардың құқықтарының бұзылуы, жоқшылық, қоршаған ортаның ластануы сияқты шарттардың өзі лаңкестік әрекеттердің туындауына негіз болуда. Әсіресе, террористік идеологияның интернет желілері арқылы тарауы үлкен алаңдатушылық тудыруда.
Алайда, сырттан келген қауіптің қатер төндірмейтініне ешкім де кепіл бола алмайды. Мемлекеттік органдар мен құзырлы құқық қорғау құрылымдарының терроризммен күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген. Ол үшін Қазақстандағы заңдарды бұлжытпай орындау қажет. Әсіресе, мемлекеттік органдар заңнан аттамауы тиіс.
Сондықтан да Қазақстан қашанда террористік әрекеттерді, ол қандай түрде болмасын, қатаң айыптайды және еліміз аталмыш індетпен күрес ынтымақтастықта, бірлескен түрде жүргізілуі тиіс деген ұстанымда.
Г. МАЛЫБАЕВ,
Қарасай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары.

 

Последние новости

Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе
Үміткерлерді таныстырды
Жаңа технология жаңа биікке шығарады
Галерея звезд Назерке Торпаковой
Мерекелік шара ұйымдастырылды
Облыста туризм дамуда
Газеттің мерейтойы – ауданның мерейтойы