Жастар рейд жүргізді

Жастар рейд жүргізді

Баланың бос уақыты көп болған сайын жаман әрекеттерге ұрыншақ болады. Қадағалаусыздық, түнгі уақытта беймезгіл жүру еліктегіш балаларды қылмысқа итермелейді. Қоғамның өзекті мәселелеріне айналған бұндай жағдайларды «Нұр Отан» партиясы назардан тыс қалдырмайды.

Атап айтар болсақ, биылғы жылдың 19 шілдесінде кешкі сағат 21:00 – 23:00 аралығында Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының «Жас Отан» жастар қанаты рейд ұйымдастырды. Оған «Жас Отан» жастар қанатының мамандары және аудандық ішкі істер басқармасының кәмелетке толмаған істері жөніндегі инспекторы қатысты.
Рейдтің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар, түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде ата-аналарының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, ойын-сауық мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды.
Рейд барысында, қала, ауылдық округтерде орналасқан мекемелер тексерілді.
Тексеру нәтижесінде Қаскелең қаласындағы Абылайхан мен Наурызбай көшелерінің қиылысында орналасқан «Dendi» компьютер клубында түнгі сағат 22.00-ден кейін бір жасөспірімнің жүргені анықталды. Қала инспекторлары аталмыш мекеме әкімшілігіне қатысты материалдар жинап, орталықтың операторына 132 баптың 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Ал, кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 442 баптың 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылып, ісі сотқа жіберілді. Және де 3 АӘК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, осы рейд барысында аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлары барлық кәмелетке толмағандармен, ата-аналармен және ойын-сауық орталықтарының әкімшіліктерімен алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеті үшін заңды тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.

Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

Приобретая скот, создавая кормовую базу
Қатердің алдын алайық
Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе
Үміткерлерді таныстырды
Жаңа технология жаңа биікке шығарады
Галерея звезд Назерке Торпаковой
Мерекелік шара ұйымдастырылды