«Атамекен» орталығын аралады

«Атамекен» орталығын аралады

Қарасай мен Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» жастар қанатындағы белсенділері бірігіп осы аптаның сәрсенбісін Шамалған ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын аралауға арнады. Бұл шара жастарымыздың бойындағы патриоттық танымдық қабілеттерін артырып, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Білім мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеменің өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпалы зор. Есікке кіргеннен бастап тұнған тарихтан сыр шертетін мұражайда келушілерге хронологиялық реттілікпен орналасқан 4 зал ұсынылған. Осы бөлімдерді аралаған жастар бір сәт Елбасының мемлекет дамуына, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің биіктеуіне қосқан ерен үлесіне, экономика, әлеуметтік сала, саясаттағы еңбегіне терең бойлады. Яғни, музей гидінің таныстыруы бойынша бірінші зал – Елбасының балалық және жасөспірім шақтағы өмір жолына тиесілі екен білсе, ал, екінші зал – одақтық республика кезіндегі және Президенттің алғаш мемлекет басшылығына келген сәтін сипаттап тұрғанынан хабардар болды. Үшінші зал – толықтай дерлік Елбасының тәуелсіз Қазақстанның аяқтан тұруы үшін жасаған еңбегін баян етіп, Елбасы атқарған іргелі істеріне арналған екенін білді. Төртінші залға бас сұққан олар, Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен өткізілген саммиттер мен халықаралық жиындар, EXPO – 2017 көрмесі, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы сынды шаралардың материалдарымен танысты. Бас қосудың соңында қос ауданның жастары алған әсерлерімен бөлісіп, ерекше әсер алғандарын айтып, тәуелсіз туған елдің дамуына, алда қосар мақсат мұраттары жөнінде пікір алмасып, естелік суретке түсті.

Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

Жастар рейд жүргізді
Приобретая скот, создавая кормовую базу
Қатердің алдын алайық
Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе
Үміткерлерді таныстырды
Жаңа технология жаңа биікке шығарады
Галерея звезд Назерке Торпаковой