Тарихтан тағылым

Тарихтан  тағылым

«Кез келген адамның өз Отаны, өз кіші туған жері болады», – деп Елбасы айтқандай, барлық адамның өз өткені және тарихы болатыны анық. Осы орайда қазіргі таңда аса назарға іліге қоймаған, бірақ, соның салдарынан ертеңгі күнді болжай алмайтын жастардың санасына азық болатын маңызды мәселені көтергіміз келіп отыр.
Жалпы, қазақ даласының кеңдігіне мақтанатынымыздай, оның өткеніне де біраз шолу жасауымыз қажет. Дархан даланы меңгеру де үлкен жауапкершілік болғандықтан, осындай асыл мұрамыз қайдан және қалай келгені жадымызда тұруы абзал. Соған байланысты жуырда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Тарихтан тағылым» атты танымдық сабақ өткен болатын. Арнайы шақырылған қонақтарымыз осындай жиындардан алатыны көп болғандықтан, ауқымды әрі түсінікті өткізуге тырыстық.
Шара барысында жастардың көпшілігі аса білмейтін мәліметтерімен танысып, үлкен жұмыстар жүргізілді деп айта аламыз. Сондағы менің түйгенім, қазақ жастарын түпкі тарихымызбен өткен маңызды оқиғаларымыз қызықтырып қана қоймай, оған олар өзіндік үлестерін қосқысы келеді екен. Жастардың осындай патриоттық сезімдері жан сүйсінтеді, әрине. Мұндай ұрпақтың білімге құштарлығын көру біз үшін тек қуаныш.
Оларды орталығымыздағы ашық қор жәдігерлерімен таныстырып, сол тұрғыда біраз әңгіме өрбітіп, ой-пікірлерін таңдадық. Сақталған әрбір экспонаттың терең тарихы мен қолданар қажеттілігі баяндалып, қылыш, айбалта, найза, садақ қаруларының сол кездердегі мақсаты мен сапасы көрсетілді. Қазіргі таңда олардың түр-түрі шығып жатыр емес пе, бірақ, көне бұйымдарды ата-бабаларымыздың бізге қалдырған «көзі» деп білеміз. Сондықтан болар, олар бұрынғылардың «Көненің көзі – асыл мұраң» деп бекер айтпағанын білдіріп тұрғандай.
Аз ғана уақыт ішінде қазақтың бүкіл болмысы мен тұнып тұрған тарихын баяндау мүмкін емес, әрине, десе де біз де өз тұрғымыздан ауыл жастарына «Тарихымыздың тереңдігі мен өткеннің маңыздылығын» құрметтеуді дәріптедік.
Келешек ұрпаққа айтар ойымыз, қалдырар мұрамыз көп болсын!
Айгерім АВЕЗОВА,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының
тарихи-мәдени орталығының экскурсовод-жүргізушісі.

 

Последние новости

Латын графикасына көшу кеңістігімізді кеңейтеді
«Атамекен» орталығын аралады
Жастар рейд жүргізді
Приобретая скот, создавая кормовую базу
Қатердің алдын алайық
Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе
Үміткерлерді таныстырды