Латын графикасына көшу кеңістігімізді кеңейтеді

Латын графикасына көшу кеңістігімізді кеңейтеді

Әлемдік өркениетке ілесу жолында мемлекетте ауқымды шаралар қолға алынып келеді. Оның бәрін жүзеге асыру Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы өз орнын, мәртебесін айшықтауда айрықша рөл атқарады.
Президент өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап кириллицадан латын қарпіне көшуге кірісуіміз керек» деп, латын әліпбиіне көшу туралы пікірін алға тартқан болатын. Аталмыш қаріп түріне көшу коммуникациялық кеңістікте оның басымдықа ие болатыны ақиқат.
Латын әліпбиіне ауысу үш түрлі мәселені шешеді деген үміт бар. Олар ағылшын тілін жаппай меңгеруге жағдай жасау, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне жол ашу және шетелдерде тұратын қазақтардың барлығын біріктіру секілді жағдайлар. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге үн қату, пікір білдіру әр азаматтың борышы. Сондықтан, одан сот жүйесі де сырт қала алмайды. Осы ретте қазақстандық сот елдік мәселелерге үнемі өзіндік оңды көзқарасын білдіріп келе жатқанын айта кету керек.
Р. МАХИНА,
Алматы облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы.

 

Последние новости

«Атамекен» орталығын аралады
Жастар рейд жүргізді
Приобретая скот, создавая кормовую базу
Қатердің алдын алайық
Опираясь на Этический кодекс
Денсаулық саласына қажетті жүйе
Үміткерлерді таныстырды
Жаңа технология жаңа биікке шығарады