Сайлаудың әділ өтетініне сенімім мол

Поделиться:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялап, осы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.

Жасыратыны жоқ, қазір әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл біздің де қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлы ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек екенін жеткізді. Мемлекет басшысы ретінде алда кезектен тыс өткізілгелі жатқан Президент сайлауының шынайы, таза, әділ әрі ашық жүргізілуіне кепіл болатынын да айтты.

Сайлау кезінде әлем назары бізге ауады. Осынау сындарлы сәтте біз өзіміздің елдігімізді, бірлігімізді тағы бір рет танытуға тиіспіз. Мен қазақстандықтардың бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарайтынына кәміл сенемін.

Ақмарал МАЛДЫБЕК,

Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также