Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдемесін толықтай қолдаймын. Бұл сайлау еліміз үшін өте маңызды. Өйткені, Мемлекет басшысы айтқандай, ол Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын, осы күнге шейін қабылданған бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру үшін қажет. Сондықтан алдағы күнде өтетін сайлауға әрбір қазақстандық бір кісідей атсалысып, өзінің әділ таңдауын жасауы тиіс. Бұл бәрінен бұрын өзімізге, еліміздің болашағына керек.

       Біз ширек ғасырдан астам уақыт ішінде іргесі берік, тәуелсіз мемлекет құра алдық. Осындай аз ғана уақытта көптеген игі істер атқарылды. Өз астанамызды слдық, әлем көз тіккен халықаралық ЭКСПО көрмесін өткіздік. Бүгінде әлем Қазақстанмен санасады, әлемдік қауымдастық алдында еліміздің абыройы биік. Елбасының өз өкілеттігін тоқтатуы, билік тізгіні жаңа президентке өтуі саяси тұрғыдан тыныш жағдайда өтті. Мұның өзі елімізде халық Елбасының саяси бағытын қолдайтынын және ел басқарудағы сабақтастықты жақтайтынын білдіреді. Ендеше 2019 жылдың 9 маусымында баршамыз Қазақстанның келешегі үшін дауыс берейік.

Береке ДҮЙСЕБЕКОВ,

облыстық жастар орталығының директоры.