Жемқорлықты болдырмау жайы талқыланды

Поделиться:

Қайрат Зайнишев, «Ońtústik Qazaqstan».

Түркістан қаласында әдеп нормаларын көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Төкежановтың төрағалығымен ұйымдастырылған жиынға Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшылары мен өзге де сала мамандары қатысты.

Кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Ж.Бекшин баяндама жасап, жемқорлықты болдырмау және алдын алу жолдары жайында кең көлемде мәлімет берді.

Аталмыш комитет Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, министрлік пен комитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Комитет көрсететін 14 мемлекеттік қызметтің 11-і толығымен электрондық форматқа көшіріліп, автоматтандырылған. 3 қызмет балама түрде электрондық және қағаз түрінде көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, аталған комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиаорталық» РҚБ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзген.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также