Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында «Сайрам-
Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі–2019» шарасы осындай тақырыпта өтті. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен іс-шара өңір тұрғындары мен жастарының экологиялық сауаттылығын арттыруға және мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатыны анық. Акция барысында қонақтар назарына ұлттық парктің жануарлар мүсіндері (муляж) мен сан алуан өсімдіктердің гербарий көрмесі ұсынылды.
Салтанатты шара жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің флешмобымен басталды. Мұнан кейін «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Қайрат Керімбеков жиналғандарды құттықтап, сөз сөйледі.
Қала жастары, зиялы қауым өкілдері, аталмыш парк қызметкерлері
қатысқан жиын соңы көңілді концертке ұласты.
С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.
Комментарии