Жабағылыдағы мереке

Поделиться:

Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының және аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Парктер шеруі–2019» табиғатты қорғау акциясы өтті.

Жастар мен ауыл тұрғындары бұл шараға белсене қатысып, жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақырды.

Акция барысында мектеп оқушылары арасынан «Табиғатта әрбір нәрсе маңызды» атты әдеби, «Көктемнің сыйы» атты қолөнер, «Құстар – біздің досымыз» және «Қорығым – мақтанышым» атты сурет байқаулары ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шара соңы тақырыпқа сай концерттік бағдарламаға ұласты.

Аталмыш акция ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін, яғни Табиғатты қорғау күніне дейін жалғасады.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также