40 кәсіпорын толық модернизациядан өтті

40 кәсіпорын толық модернизациядан өтті

Ағымдағы жылы облыста 40 кәсіпорын жүйелі жаңартудан өтіп, соның нәтижесінде экспорттық тауар айналымы 23,5% -ға артқан. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. «2018 жылы өңірдегі отандық кәсіпорындардың тауар экспорты айтарлықтай көтерілді. Айналым көлемінің артуына себепші болған – жүргізілген базалық өзгерістер мен жаңартулар. Облыста негізінен барлығы 21 кәсіпорын өз өнімдерін экспорттайды. Алдағы уақытта, мұндай зауыттар санын ұлғайтып, экономика өсімінің пайыздық шегін еселей түсу жоспарланып отыр», – дейді өңір басшысы.

306 инвестициялық жоба іске қосылды

Экономикалық өсудің пәрменді құралдарының бірі ол – инвестициялық жобалар. Жетісу өңірінде осындай жобалардың іске асырылуы жақсы қарқын алуда. Қазіргі уақытта Алматы облысының қоржынында жалпы құны 5,7 трлн. теңгені құрайтын 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Осындай жобалардың көмегімен облыста 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
«Аталған 306 инвестициялық жобаның 9-ы трансұлттық компаниялар және 44-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Кеше ғана өңірде «Роллтон» брендтік атымен логистикалық және қоймалық инфрақұрылымы бар өнім шығаратын «МаревенФуд» зауыты іске қосылды» – деді ол. Аймақ басшысының айтуынша, аталған зауыттарда өндірілген өнімдердің 80%-ы Орталық Азия елдеріне экспортталатын болады.
Сонымен қатар, Алматы облысының Іле ауданында «WILO» энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Дәл осындай инвестициялық жоба «Лукойл» Ресей компаниясының «ақылды» қойма мен өндірістік желінің толық автоматтандырылған жүйесі өз жұмыстарын бастады.

Бүлдіршіндердің 98%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған

Алматы облысы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жолында бірқатар жұмыстар атқарған. Атап айтқанда, биылғы жылы білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету деңгейі 98%-ды құрады. Жалпы, облыста 616 балабақша бар, оның ішінде 433-і жекеменшік.
Сонымен қатар, демографияның өсуіне байланысты өткен жылы 13 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, биыл 11 білім ордасы құрылды. 2019 жылы пайдалануға берілетін 8 мектептің құрылысы бітуге дайын. Және де, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында аталған қосымша бөлінетін қаражат есебінен кезең-кезеңмен жаңа мектептер салынатын болады.

 

Последние новости

«Қаскелеңді» кім құлатты?
Талдыкорган – самый лучший город Казахстана
Мы – часть великого народа
Тарих қойнауынан сыр шертер
Шырша шамы жағылды
Коворкингпен жаңғырған кітапхана
Егемен еліміздің ең басты мерекесі
«Ең белсенді әкім» атанды