«Қаскелеңді» кім құлатты?

Қаскелең қаласында 20 желтоқсанда шырша шамдарын жағу рәсімі болып өткені белгілі. Сол мерекеге орай аудандық мәдениет үйінің алдына әдемі шырша орнатылып, ауласы безендірілген болатын. Тіпті, шаҺар басшысы бұрын-соңды қалада болмаған жарқыраған жазуларды орнаттық деп мәлімдеген еді. Алайда, бұл жазулардың бірі ертесі-ақ сынып қалды. Қала тұрғындарының кейбірі бұл жазу сапасыз болғандықтан құлап қалғанын айтса, енді бірі біреулер әдейі сындырып кетті деген пікір айтты. Сонымен, «Каскеленді» кім құлатты?

Белгілі болғандай, өнер ордасының алдындағы алаңда кешкісін көліктер көп жиналады екен. Авто жүргізушілері көлігімен түрлі маневрлер жасап, ойына келгенін істейді. Олардың бұл қылығы тек өз өмірлеріне ғана емес, сондай-ақ айналадағыларға да қауіп төндіретінін ойламағандары қалай? Сондай бассыздықтарды бейнелейтін видеоны тұрғындардың бірі жергілікті полицияның сенім телефондарына жіберген. Яғни, сондай «биші» көліктің бірі «Қаскелең» жазуына соғылып, сындырып кеткен. Тәртіп сақшылары бірден көлік иелерін анықтап, жауапқа тартты.