1 наурызда митингке шыққан 80 адам ұсталды – ІІМ

2020-03-02 09:00:35
1 наурызда митингке шыққан 80 адам ұсталды – ІІМ
1 наурызда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқаны үшін 80 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйым жариялаған үндеуімен рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастыруға тырысты, - деді министр үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Оның айтуынша, полиция қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату үшін шаралар қабылдаған.

80-ге жуық азамат ішкі істер органдарына жеткізілді. Алдын алу шараларынан кейін барлығы дерлік босатылды. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне айыппұл салынып, үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Олардың екеуі полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін, біреуі рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Просмотров материала: 0