COVID -19: Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында 32 456 адам тексерілді

2020-03-02 07:00:31
COVID -19: Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында 32 456 адам тексерілді
2020 жылғы 6 қаңтардан 28 ақпанға дейін елімізге 32 456 адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасады.

6 қаңтар - 28 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 32 456 адамды қарап-тексерді.

Мониторингке барлығы 24 469 келгендер алынды, 23 980 қамтылды, мониторингтен 24 432 алынды, соңғы 14 күнде келген 27 адам медициналық бақылауда қалды.

1 науырызда дене қызуы мен ЖРВИ белгілерімен 165 адам емдеуге жатқызылды, оның барлығы шығарылды.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – "Diamond Princess" жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.
Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (дене қызуы жоғары, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

02.03.2020
Прогноз погоды на 2 марта: На севере ожидается снег, в центре дождь со снегом
02.03.2020
Курс валют на 2 марта
02.03.2020
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
02.03.2020
Гороскоп на 2 марта
01.03.2020
«Законное» мошенничество: как банки грабят с помощью кредитных карт
01.03.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
01.03.2020
Гороскоп на 1 марта
29.02.2020
ЦИТАТА ДНЯ