"Сотқа беремін": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

2020-03-02 07:00:31
"Сотқа беремін": Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өзінің ұсталғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік менің Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және "Ақтөбе" ӘКК басшысы ретіндегі қызметіме қатысты ешқандай тергеу шарасын жүргізіп жатқан жоқ",- деп жазды шенеунік әлеуметтік желіде.
Ол сондай-ақ "төрт жыл бұрынғы факт бойынша" куәгер болып жүрген атап өтті.

"Мені ешкім ұстамады, қазір Нұр-Сұлтанда шаруамен жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеу жоқ", - деп толықтырды Мамунов.


Облыс әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары пара алып жатқанда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Просмотров материала: 0

 

Последние новости

02.03.2020
COVID -19: Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында 32 456 адам тексерілді
02.03.2020
Прогноз погоды на 2 марта: На севере ожидается снег, в центре дождь со снегом
02.03.2020
Курс валют на 2 марта
02.03.2020
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
02.03.2020
Гороскоп на 2 марта
01.03.2020
«Законное» мошенничество: как банки грабят с помощью кредитных карт
01.03.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
01.03.2020
Гороскоп на 1 марта