Короновирусқа байланысты Қазақстанмен байланысты 50-ден аса халықаралық рейс тоқтатылды

2020-03-02 09:00:35
Короновирусқа байланысты Қазақстанмен байланысты 50-ден аса халықаралық рейс тоқтатылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев бүгін коронавирусқа байланысты тоқтатылған әуе, теміржол және жолаушылар тасымалдары жайында хабарлады, деп жазады AzattyqRuhy.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған. Бүгінге дейін аталған елден 3 эвакуациялық рейс (SCAT, Air Astana) орындалды. Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған.

«Бүгінге дейін аталған елден 3 эвакуациялық рейст (SCAT, Air Astana) орындалды. 2,11 және 13 ақпанда Ухань, Бейжің қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға барлығы 511 адам әкелінді», - деді ол.

Ал 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Сеул және Алматы-Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарған. Атап айтқанда, Алматы – Сеул рейсі аптасына 5-тен 1-ге дейін Нұр-Сұлтан-Сеул рейсі аптасына 2-ден 1-ге дейін (Эйр Астана), Алматы-Сеул рейсі аптасына 2-ден 1-ге дейін азайды (Asiana Airlines).

Алматы-Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылды (Mahan Air). Ал 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Баку арасында қатынайтын рейстер шектеледі.

«Ал Алматы-Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін, Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио авиамаршрутын 2-ден 1 рейске дейін шектеп жатырмыз. Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, билеттері бар жолаушылар ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде ақшасын қайтара алады», - деді вице-министр.

Сонымен бірге Қытаймен арадағы барлық 13 тұрақты автобус тасымалы шектелген. «Қорғас», «Көлжат» шекаралық бекеттерінде қозғалыс тоқтаған. Үрімжі-Алматы, Нұр-Сұлтан-Алматы-Үрімжі пойыздары жүрмейді.
Просмотров материала: 0