Қазақстанда алда-жалда коронавирус анықталған жағдайда "В жоспары" әзір тұр

2020-03-02 09:00:35
Қазақстанда алда-жалда коронавирус анықталған жағдайда "В жоспары" әзір тұр
6 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтілген бақылау жұмыстарының үш кезеңін жүзеге асырды. 1 наурыздан бастап 4-кезеңін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда алда-жалда коронавирус инфекциясы анықталған және таралған жағдай үшін "В жоспары" әзірленді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 6 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтілген бақылау жұмыстарының үш кезеңін жүзеге асырды. Өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, Қытайдан келген адамдарға тексеру жүргізілді, жеке қорғаныс құралдарының қажетті резервтері құрылды, - деді министр.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 150 маман барлық шекаралардағы санитарлық карантин орталықтарына қосымша жіберіліп, жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасы бір ізге қойылды. 20 ақпаннан бастап министрлік күшейтілген бақылау жұмыстарының үшінші кезеңін бастады.

Биыл 1 наурыздан бастап министрлік күшейтілген бақылау жұмыстарының 4-кезеңін іске қосты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында берген тапсырмасын орындауда Денсаулық сақтау министрлігі мен мемлекеттік органдардың Қазақстанда алда-жалда коронавирус инфекциясын анықталып, таралған жағдайдағы біріккен іс-қимылының алгоритмі, яғни "В жоспары" жасалды. 6 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін санитарлық бақылау күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде шекарадан өткізу пункттерінде де тексеру-бақылау жұмыстары қамтамасыз етілген, - деді Біртанов.

Жалпы алғанда, ол бүгінгі таңда әлемде пневмонияның 88 571 жағдайы, тәулігіне 1951 жұқтыру тіркеліп, оның күн сайынғы өсімі 2,25% қамтитынын атап өтті.

Оның ішінде ҚХР-да 80174 пневмония, тәулігіне 206 жағдай тіркелген. ҚХР-дан басқа елдерде коронавирустың 8 397 расталған жағдайы тіркелді. ҚХР-дан бөлек ең көбі Италия, Иран, Жапонияда тіркелген, бұл елдердегі күн сайынғы орташа өсім 35% құрайды, - деп сөзін қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.
Просмотров материала: 0