Қоғамдық орындарда кальян шегуге бола ма?

Қоғамдық орындарда кальян шегуге бола ма?

Соңғы жылдары қоғамдық тамақтандыру орындарында, түнгі клубтарда, барлар мен казиноларға энергетикалық сусындар мен кальян қолдану көптеп кездеседі. Алайда, тұтынушы аталған өнімдерді қолдану барысында өзінің денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темекідей болады. Сондай-ақ, кальян жабық бөлмелерде шегілетініне байланысты, оның түтіні гипоксия (ауа жеткіліксіздігі) тудырады. Бұл да кальянның ағзаға улы әсерін жоғарылатады. Жиі кальян шегу никотинге тәуелділікке әкеледі. Сондай-ақ, бір кальянды бірнеше адам шеккенде түрлі тыныс жолдарының жұқпалы ауруларын (гепатит В, туберкулез, тұмау) жұқтыру мүмкіндігі жоғарылайды. Кальян шеккен достарының арасында отырған адам оны тартпаса да, пассивты шегуге шалдығады. Кальянға құмар жандарға жүргізілген зерттеулер олардың арасында өкпе қатерлі ісігіне шалдығатындардың саны әлдеқайда көп екенін көрсетті. Сондай-ақ, сараптамалар бойынша темекі шегетіндер мен кальян шегетіндер бұл ауруға шалдығу мүмкіндіктері бірдей екен. Кездейсоқ, өмірінде бірнеше рет қана кальян шегіп көргендер оны тұрақты қабылдайтындардан әлдеқайда көп. Олар кальян арқылы жаңа эмоциялар сезінгісі келеді. Көп жағдайда кальян шегу – сәнге кірген рәсімнен құр қалмаудың амалы ғана. Бұл – кезекті қызығушылық, қоғамның әсері. Бір қарағанда зиянсыз бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді тыя біліңіз.
Тексеру барысында анықталған фактілер, яғни,темекі бұйымдарының қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттардың тексеруге ұсынылмауы, инфекциялық аурулардың пайда болу көздері болып табылатын патогенді микроорганиздермен, ашытқылармен, грибоктармен ластануына алып келетін кальян аксессуарларына сапалы жуу және дезинфекциялау жүргізу үшін жағдайлардың болмауы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуы болып табылады.
Осыған орай, 2013 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің «Қоғамдық тамақтану орындарында кальян шегуге тыйым салу туралы» №6 қаулысы шықты.
Аталған қаулы негізінде объектілерде шектеу қойылған (кальян, сергіткіш сусындар) анықталған жағдайда, объекті басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБК) 425-бабының 1-тармақшасымен әкімшілік жазаға тартылуы тиіс.
Егер, кальян дайындауға арналған шикізаттардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын ілеспе құжаттар тексеруге ұсынылмаса, ӘҚБК-нің 203-бабының 1-тармақшасына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер негізінде, темекі емес қоспалардың құрамында «денсаулыққа зиянды ингредиенттердің» бар екенін ескере отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарында кальян шегуге тыйым салынатынын ескертеміз.

С. УСЕРБАЕВА,
ҚАҚДСБ-ның санитариялық-гигиеналық
қадағалау және
техникалық регламенттердің
сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.