Зейнетақы қорындағы қаражатты енді SMS арқылы тексеруге болады

Зейнетақы қорындағы қаражатты енді SMS арқылы тексеруге болады

Енді қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке жинақтарының жай-күйін sms арқылы біле алады.
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Оған сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады. Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай бірнеше тәсілмен білуге болады:
1) тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде;
2) пошта арқылы;
3) электрондық тәсілмен:
– БЖЗҚ-да ұсынған мекен-жайға электрондық пошта арқылы;
– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинетке кіру арқылы;
– электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет.
Айта кетерлігі, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді, үстіміздегі 25 қаңтардан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік SMS-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік SMS-пароль жіберіледі. Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.