Ұлы дала өркениеті – бабалар мұрасы

Ұлы дала өркениеті –  бабалар мұрасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының рухани даму жолында сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бастап аянбай тер төгіп келеді. Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ мемлекет басшысының бастауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі.
Аталмыш бағдарлама аясында өткеніміздің ақтаңдақ беттері ашылып, төл тарихымызды ұлттық тұрғыда жазуға кеңінен жол ашылды. Қазақстан тарихы бойынша бұрын тек отарлау саясаты көзқарасымен жазылған еңбектердің орнына нақты деректерден тұратын, ұрпаққа «қазақ» деген халықтың ұлылығын паш ететін тың, әрі шынайы еңбектер дүниеге келді.
Елбасы ғылым және білім мен мәдениет саласын дамыту жолында «Мәдени мұра» бағдарламасымен ғана шектелген жоқ. Жыл сайын Қазақстанды дамыту жолында бүкіл саланы қамтитын нақты бағыттар мен ауқымды бағдарларын халыққа ұсынып келеді.
Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары халқымыздың рухани дамуына және қайта түлеуіне зор серпін берді.
Аталмыш бағдарламалар аясында білім беру ісі, ғылым және мәдениеттің назардан тыс қалып бара жатқан тұстары басты назарға алынғаны да мәлім.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыздың «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылғаннан бастап өскелең ұрпақты рухани жаңғырту жолында үздіксіз қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда, орталықта Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ауқымды шаралар жоспарлы түрде атқарылуда.
Атап айтқанда, орталықтың жұмыс жоспары бойынша Қаскелең қаласындағы Мәдениет колледжінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, «Ұлы дала өркениеті – бабалар мұрасы» атты тақырыпта танымдық пікірталас сабағы өтті.
Аталмыш сабаққа колледж студенттерімен бірге бір топ тәлімгерлер де қатысты. Сабақ барысында студенттер мен тәлімгерлер «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша қызықты, әрі маңызды мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, мақаладағы «Аң стилі», «Атқа міну мәдениеті» және «Ұлы жібек жолы» тармақтарының маңыздылығы жайында қызу пікір алмасу орын алды.
Осылайша, бұл басқосуға қатысушылар «Ұлы даланың жеті қырын» «Ұлы даланың жеті кереметі» деп, аталмыш мақалада алға қойылған міндет-мақсаттарды жүзеге асыру барысында болашақта біздің орталықпен бірге жұмыс істей отырып, бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.
Қыдыр НҰРҒОЖА,
«Атамекен» тарихи-мәдени
орталығының ғылыми қызметкері.