Көрмелер ұйымдастырылып, кештер өткізілуде

Көрмелер ұйымдастырылып, кештер өткізілуде

М.Әуезов атындағы орта мектепте Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызы зор мақаласы аясында іс-шаралар жоспары жасалып, әртүрлі шаралар өткізілуде. Мәселен, мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты әдеби-танымдық кітап көрмесі жасалды.Көрмеге «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы», «Аңыз адам – Абылай хан», «Ежелгі Қазақстан – алтын адам» кітаптары және «Заман жаршысы» газеті, сондай-ақ, басқа әдебиеттер қойылды. 9-10 сыныптарда «Түркі әлемінің бесігі» атты рухани бұрыш жасалды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында төртінші сыныптар арасында сайыс сабағы өтті. Үш бидің шешендік сөздері мәнерлеп жатқа оқылып, сахналық қойылымдар қойылды, оқушылар актерлік шеберліктерін ортаға салды. Ал, «8» б сыныбында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты пікірталас өткізілді. Пікірталаста алма жемісінің терең тарихы және өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын қызғалдақтың түрлері туралы оқушылар сөз жарыстырды.
Музыка пәнінің мұғалімі Д.Қосмамбет «Ұлы даланың көне сарындары» тақырыбында ұлы даланың фольклоры мен әуендерін жаңғырту мақсатында, жас мамандар мен тәлімгерлер арасында музыкалық кеш ұйымдастырды. Кеште ұлы күйшілердің күмбірлеген күйлері шертіліп, әуезді халық әндері шырқалды.Технология пәнінің мұғалімдері «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты қолөнер көрмесін қойды. Көрмеге дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін, сонау көне тарихтан бастау алатын «Алтын адам» бейнеленіп, түрлі қолөнер бұйымдары қойылды.Педагог- ұйымдастырушы А.Тугамбаеваның ұйымдастыруымен «Кинодағы тарихи тұлғалардың келбеті» тақырыбында «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», т.б. ұлы батырлар мен даңқты қолбасшылар туралы көркем фильмдер көрсетілді.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында осындай өткізілген іс-шаралар оқушыларға оң әсерін тигізуде.
Гүлшат СРЫМБЕТОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары.

 

Последние новости

Билер кеңесі құрылмақ
Лучше всего начинать с самих себя
Оңды жұмыс, игі іс көп
Kaskelenkz жобасының жаңалықтар топтамасы
Кәсіпкерлікпен айналысып, айналасына үлгі көрсетіп жүр
ҰБТ-ның жаңаша жүйесі
Адамгершілік рухы жоғары
Қарасайлықтарға қолайлы қоғамдық көлік