Түп-тамырды білу үшін

Түп-тамырды білу үшін

Тұтас тарихымызға көз жүгіртсек, тағылымы мен өнегесі көп тың деректерге кез боламыз. Қазақ елінің тарихы – келешек ұрпақ үшін ұлттың құндылығы сақталған қайнар көз. Ал, біз тарихи сананы жаңғыртып, ғылым мен білімді серік ете білсек, алынбас қамал жоқ. Түп-тамырын танып, біліп өскен әр қазақтың баласы болашақта ұлтқа қызмет ететін болады. Осыларды негізге ала отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы тарих беттерін алға тартып, жаһандық замандағы өз рөлімізді айқындайтын «Ұлы даланың жеті қырын» атап көрсеткені өте құптарлық деп санаймын.
Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан кейінгі шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әрбір қазақстандық үшін маңызды болып табылады. Аталған жеті тарихи ерекшеліктің қай-қайсысын алып қарасақ та, өткеннен сыр шертетін, бүгінгісін нақтылауға бастайтын бастама. Солар арқылы әлем біздің мәдениетіміз бен өркениетімізді айқын танып, көз жеткізе алады деп ойлаймын.
«Ұлы даланың жеті қырының» өскелең жастарға да тәрбиелік маңызы зор болып қала бермек. Өйткені, ұлттың ұрпағы тарихи сананы жанғырта білсе, жаһандық дәуірде дамыған елдермен тереземіз тең болады деп сенеміз.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.