Жастар марапатталды

Жастар марапатталды

Ауданымызда әр жылы «Жасыл ел» бағдарламасы іске қосылып, көптеген жастар жазғы маусым кезенде жұмыспен қамтылып, қоғамға үлкен үлестерін қосып келеді. Биыл да бұл жоба жақсы нәтиже беріп, аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысы жемісті болды.
Жуырда Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының жабылу рәсімі ұйымдастырылды. Онда аталмыш жоба аясында жоғары көрсеткішпен алға шыққан Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрлановаға «Үздік Медиа маманы» номинациясы бойынша диплом табысталды. Мәртебелі марапатқа ие болған Мадина Кененқызы өз алғысын айтып, бұдан да жақсы көрсеткішпен танылатынын алға тартты. Ал, біз өз тарапымыздан жастар орталығын жетістіктерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілейміз!
Бақдәулет ТАЛИПОВ.