Көшеттер көрік бермек

Көшеттер көрік бермек

Аудан әкімінің 5 наурыз 2018 жылғы №91 «Ауданның елді мекендерінде көктем және күз мезгілдеріндегі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру туралы» қаулысы негізінде жүйелі жұмыстардың қолға алынғаны белгілі. Яғни, өткен аптаның сенбісінде аудандағы мемлекеттік қызметшілердің атсалысуымен шырша, қайың ағаштары отырғызылды.
Жергілікті атқарушы органдар қатысқан бұл шарада барлығы 600-ға жуық көшеттер егілді. Оның ішінде 153-і Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Анаға құрмет» мемориалы мен «Батыр бабаларға тағзым» мұражайы саябағына көрік бермек. Ал, Қаскелең қаласында да осындай абаттандыру жұмыстары іске асырылып, Наурызбай батыр көшесінің бойында тізілген 30 шырша қаланың сәнін кіргізді. Айта кетерлігі, мұндағы отырғызылған көшеттерге мемлекеттен қаржы бөлінбеген. Аудандағы мемлекеттік, бюджеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың белсенділері туған өңірдің табиғатын көркейтуге деген ниеттерін осылайша белсенділікпен танытты. Айта кетерлігі, бұл күні ауданның барлық округтерінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілген.
Бұрым ОРЫНБАСАР.