Тарихқа терең бойлаған

Тарихқа терең бойлаған

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сұңғыла саясаткер, алысты болжай алатын кемеңгер де көреген көшбасшы, тарихты терең біліп,одан үлкен ой қорытатын парасат-пайымы мол мемлекет басшысы екенін бүгінде бүкіл дүние жүзі біледі.
Сондықтан сара саясатты салмақты егемен ел жетекшісінің ұтымды пікірімен, ұтқыр ұсыныстарымен өзгелер үнемі санасып отырады.
Енді, міне, жүрегі әрдайым елім деп соғатын Елбасымыз тағы бір елеулі еңбегі – аса маңызды мақаласын жариялап, ол шын мәнінде, барлық қазақстандықтарды аса риза етіп отыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы осы «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласында туған халқының тарихына терең бойлап, оның әлемдік өркениеттегі, дүние жүзі мәдениетіндегі орнын анық ашып берді дей аламыз.
Иә, Елбасы Ұлы даланың жаһандық тарихта да лайықты орны бар екенін жеті қыры арқылы атап көрсеткен. Осылайша біздер, қазақстандықтар, өз тарихымызды, ондағы қадау-қадау әлемдік маңызы зор оқиғаларды, ұлы тұлғаларымызды бұрынғыдан да жақсы біліп, жақсы тани түсеріміз анық.
Президентіміздің аталған мақаласының, әсіресе, жас ұрпақтың ой-санасына, олардың Отанын сүйіп өсетініне әсері зор болмақ!
Сайлаубек ҚЫДЫРАЛИЕВ,
Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.