Әлеуметтік әлеуеті артады

Әлеуметтік әлеуеті артады

Елбасымыздың осы жолғы халыққа арнаған Жолдауы межелі міндеттер мен маңызды жоспарларды қамтыды. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен табысын жақсарту, экономикалық деңгейін көтеру, жалпы алғанда, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі – басты мақсат ретінде көрсетілді. Жолдау аясында айтылған осындай басым міндеттердің іске асырылуына барынша атсалысып, оның жүзеге асуы барлығымызға жүктелген жұмыс деп санаймын.
Халық қалаулысы ретінде Көшбасшымыз ұсынған Жолдаудағы тұрғындардың тұрмыс жағдайына қатысты кейбір бағыттарға тоқталғым келеді. Солардың бірі – мемлекеттік қызметкерлердің жалақы мәселесі. 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсетін болады, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізу көзделді, ал бюджеттік мекемеде істейтін 275 мың қызметкерлердің еңбек ақысы орта есеппен 35 пайызға өсетіні атап айтылды.
Сонымен қатар, жалпы құрылыстың ішінде тұрғын үй кешендерінің санын арттыру. Оларға деген қолжетімділікті, халық үшін қаржы жағынан қолайлы болуды айтуға болады. Осындай жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Оның шарттарына сәйкес алғашқы жарнаны субсидиялау жеңілдігі де қарастырылған. Яғни, облыстық әкімдік есебінен 10 пайыздық қайтарымды қаржыны әрбір мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлері алуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, Президентіміздің «бұқаралық спорт пен дене шынықтыру қолжетімділігін арттыру» тапсырмасына тоқталғым келеді. Онда анық айтылғандай 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделген. Құрылыс саласының маманы ретінде оның жүзеге асырылуына өз үлесімді қосуға атсалысамын.
Мақұлданған маңызды мақсатымыз бар. Алдағы уақытта тек сапалы жұмыс арқылы нәтижелі, жемісті жетістікті көрсете білуіміз қажет.
Әлібек СӘРСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты.