Үлкен серпіліс әкелді

Үлкен серпіліс әкелді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үстіміздегі жылғы қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы ел өміріне үлкен серпіліс әкелді деуге болады.
Жолдауда Президентіміз «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» дей келе ары қарай дамуымыз үшін аса қажетті, нақты орындалуы тиіс он міндетті белгілеп берді.
Атап өтсек, олар – «Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс», «Екінші. «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту», «Үшінші. «Ақылы технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі», «Төртінші. «Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру», «Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу», «Алтыншы. Қаржы секторын қайта жаңғырту», «Жетінші. Адами капитал – жаңғыру негізі», «Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару», «Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі», «Оныншы. «Ақылды қалалар» «Ақылды ұлт» үшін.
Мемлекет басшысы алдымыздағы қойып отырған бұл аса маңызды міндеттер толық жүзеге асса, Тәуелсіз Қазақстан көп ілгері басып, дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі деуге әбден болады. Сондықтан да бұл іргелі істерге бәріміз де өз үлесімізді қосуымыз керек.

А. ИСАЕВА,
аудандық мәслихаттың депутаты.