Мемлекет дербестігінің символы

Мемлекет дербестігінің символы

Астана күні әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған. Осындай аса атаулы күнде «Қазақстанның жүрегі және мақтанышы», деп Елбасымыз айтқандай, ару қала Астанаға жыр шумақтарын арнаймыз.
Аты әлемге шарықтаған Астанам,
Жиырмадағы бозбаладай жас қалам.
Сен туралы шырқалады асқақ ән,
Әнге қосып сеніменен мақтанам.
Күннен күнге өсіп-өндің, Астанам,
Айтам елге Жетісу деп баспанам.
Жасай бер сен биік болып тұғырың,
Танылсыншы әлемге атың, бас қалам!
Көріктісің көз тоймайтын, Астана,
Елің сенің қуанады шаттана.
Зәулім үйлер бой көтерер жауһардай,
Енді, міне, тойың болад бас қала!
Қазақтай елім барда, жерім дархан,
Тауелсіз ел, мен саған үміт артам.
Тыныш өмір сүргені халқымыздың,
Елі сүйген, Елбасы, сенің арқаң!
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастауымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, бүгінде жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналғандығының куәсі болып отырмыз!
А. КЕЛЕКЕНОВА,
облыстық мемлекеттік архиві
Қарасай филиалының архивисі.

 

Последние новости

Сөз – жемқорлық туралы
«Бастау Бизнес»: подводя итоги
Домбыра күні аталып өтті
Коворкинг орталығы ашылды
Ертеңімізге деген сенімімізді ұлғайтады
Танзиля – сала үздігі!
Идя по пути, сопряженному с вечностью
Ұлы ақынға арналған әдеби кеш