Сөз – жемқорлық туралы

Сөз – жемқорлық туралы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы екені әрі жетістіктерді жоққа шығаратыны, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Жақында осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сабыржан Қасымбеков, ҚР мемлекеттік қызмет департаментінің Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің бас мамандары Даулет Калдыгужин мен Меруерт Карбозова «Kagazy Recycling» компаниясының және «Kelun Kazpharm» фармацевтикалық зауытының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда олар мекеме мамандарына осы қоғамдық дерттің алдын алу үшін заң шеңберінде құқықтарын білуді және оны пайдалануды слайд арқылы көрсетіп, толық түсіндірді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекетіміздің бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отырғанын алға тартты. Бұл қоғамдық дерт бір күнде жойылатын іс еместігін айта келе, онымен еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен кезде ғана нәтижелі болатынын нақты жеткізді. Қатысушылар да көкейіндегі сұрақтарын қойып, департамент пен агенттік мамандарынан көптеген қажетті ақпараттарды алды.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.

 

Последние новости

«Бастау Бизнес»: подводя итоги
Домбыра күні аталып өтті
Коворкинг орталығы ашылды
Ертеңімізге деген сенімімізді ұлғайтады
Танзиля – сала үздігі!
Идя по пути, сопряженному с вечностью
Ұлы ақынға арналған әдеби кеш
Об «Огнях» – с любовью…