Коворкинг орталығы ашылды

Коворкинг орталығы ашылды

Еңселі Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған игі шаралар легі ауданымызда жалғасын табуда. Мысалы, сәрсенбі күні Елбасы туып-өскен Шамалған ауылындағы мәдениет үйінде «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында коворкинг орталығы ашылды. Айта кету керек, бұл коворкинг орталығы — жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Мұнда әлеуметтік жобалар аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламаларына сай креативті жобалардың орындалып, келушілердің қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сыныптар, тренингтер, тағы басқалардың жүзеге асуына тиімді орталық болып табылады.
Коворкинг орталығының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Абылай Манабаев және аудандық орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева қатысты. Қуанышты сәттің куәсі болған ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген еліміздегі басты партияның өкілі:
– Жоба Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияны жаңғырту бойынша тапсырмасына сәйкес орындалуда. Орталықтағы жұмыс үрдісінде жастар интернет желісін пайдаланып кездесулерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыра алады. Осында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады. Бұл жоба жас ұрпақты қолдау қажеттілігін көрсетеді. Жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін, үлкен мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, жаңа партиялық жоба отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді, – деп атап өтті.
Партия өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта аудан орталығында негізгі, өзге де округтерде қосымша коворкинг орталықтарын ашу жоспарлануда.

Клара КӨПБАЕВА.

 

Последние новости

Ертеңімізге деген сенімімізді ұлғайтады
Танзиля – сала үздігі!
Идя по пути, сопряженному с вечностью
Ұлы ақынға арналған әдеби кеш
Об «Огнях» – с любовью…
Темірқазық
Халықтық құдіретті аспаптың ұлылығын түсінген
Қағаз құжат азайып келеді