Жұмысқа тұруға мүмкіндік

Жұмысқа тұруға мүмкіндік

Бүгінде көптеген азаматтардың жұмысқа орналасуы үлкен мәселе. Себебі, егде жасқа келіп қалуы немесе бұрын істі болуы, тәжірибенің болмауы мен еңбек өтілінің жоқтығы да екі қолға бір іс табуға кедергі. Алайда, қазіргі таңда, мұндай азаматтарға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалып, олардың кәсіпке ие болуларына мүмкіндік туып отыр.
Бүгін аудандық мәде-ниет үйінде аудандық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті.
Аталған шараға 100-ге жуық тұрғындар мен 10-нан астам жұмыс беруші қатысты. Іс-шара басында алғашқы сөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Жұмәділқызына беріліп, аталған шараның мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, жұмысқа орналасуға ниетті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндірді. Сонымен қатар, Қарасай аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жәнібек Жақаев және аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері де бұл жәрмеңкеге арнайы қатысып, бұрын сотты болған жандардың да әрі қарай өзгелер сияқты тұрақты да сапалы өмір сүруі үшін еңбекпен қамтылуына жәрдемдескісі келетіндіктерін жеткізді.
Ал, мұнан соң, жинал-ғандар түгелдей іске кірісті. Жұмыс іздеп келген 100-ге жуық адам қаз-қатар тізіліп отырған іс беруші мекеме өкілдеріне жақындап, олардың ұсыныстарына құлақ асып, сұхбаттасты. Нәтижесінде, 25 адам жұмысқа шақырту алып, жақын арада іске кірісетін болды.

Бақдәулет ТАЛИПОВ.