Өмірден өткен Елбасының сыныптасы жайлы не білеміз? / 12?

21 наурызда Елбасының сыныптасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Сайлаубек  Қыдыралиев дүниеден озды.

Ауданымыздың белгілі азаматы Сайлаубек Қасенбайұлы 1940 жылы Тұрар   ауылында дүниеге келген. 1958 жылы  Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті бітіріп, туған ауылында еңбек жолын бастайды. Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін тамамдаған жас маман қарапайым мұғалімнен мектеп директоры қызметіне дейін жоғарылаған. «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі» атанған ол Байсалбаев атындағы орта мектепте 41 жыл жұмыс істеп, құрметті демалысқа шыққан. Ал 2003 жылдан бері аудандық ардагерлер кеңесін басқарып келген. Бірқатар марапаттардың иесі.

Сайлаубек Қасенбайұлы өзінің кіндік қаны тамған  Тұрар аулында жерленді.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұстазы, «Парасат» орденінің иегері Сейітхан Исаев дүниеден өткен еді...