Әйтейдегі әз-Наурыз / 208?

Поделиться:

           Әйтейліктер де әз-Наурызды сән-салтанатымен атап өтті деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

 

Осындағы Б.Қосынов атындағы мектепте Ұлыстың ұлы күніне  орай үлкен іс-шара өткізілді. Мерекеге ауылы тұрғындары да келіп, салтанат сәні мен маңызын арттыра түсті. Ал, округ әкімі Қайсар Қиқымов жиналғандарды жаңа жылдың бастауымен құттықтап, жақсы тілегін жеткізді. Әсіресе, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие боларлықтай ұлтымыздың ғасырлар бойы сақталып келген салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарының дәріптелгеніне көпшілік риза болды. Мысалы, мектеп оқушылары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зульфия Кимебайқызы, сынып жетекшілер және  мұғалім Меруерт Мусербаева «Құда түсу», «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Беташар дәстүрі», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» секілді дәстүрлерімізді қызықты қойылымдар арқылы көрсетті.

Осындағы мектеп жанынан құрылған «Әжелер мектебі» де әрдайым ұрпақ сабақтастығының нығаюын басты мақсат етуде. Сол себепті, білім шаңырағында абзал аналардың айтар ақыл-кеңесі қашан да құнды. Қызыр баба батасын беріп, мерекеге жиналған қауымға шашу шашылып, наурыз көже таратылды. Әсем ән шырқалып, әдемі би биленді. Мектеп жанындағы шағын орталықтың жетекшісі Даримбекова Сәуленің ұйымдастыруымен мерекеге бүлдіршіндер де өз үлестерін қосты.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Р.Хасанов пен Б.Мұхамеджанов жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізді. Соның ішінде қазақша күрес өте қызықты және жоғары деңгейде болды.

      

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также