ҰБТ кезінде телефонмен ұсталған түлек кейін ақылы түрде де емтихан тапсыра алмайды
Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Бағын сынауға ниеттенген балаларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде жүргізілді. Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы ата-аналар мен түлектерге арнайы ескерту жасады. Биыл Алматыда 9 299 түлек аттестат алады. «Алтын белгі» төсбелгісіне 545 түлек үміткер.
«Тестілеуге қатысуға барлығы 14 972 өтініш түсті, оның ішінде жалпы білім беру ұйымдарынан 9 047, ал 5 925-і орта арнайы оқу орындарының түлектері. Тестілеуге кіру кезінде тапсырушыда тыйым салынған заттар (смартфондар, қарапайым телефондар, гаджеттер, шпаргалкалар және т.б.) табылса, онда ол тестілеуге жіберілмейді, сонымен қатар, 2020 жылы ҰБТ-ны ақылы негізде де тапсыру құқығынан айрылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу медициналық-санитарлық нормалар ережелерін толық сақтай отырып өткізіледі. Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында карантиндік жағдайға байланысты ата-аналардан балаларымен бірге ілесіп келмеуін сұраймыз», - деді Департаменттің басшысы Гүлнара Ермекбаева.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу үдерісін Digital Agent қосымшасы арқылы кез келген адам бақылай алады. Қандай да бір заңсыздық болғаны байқалса, фото-бейне жазба түріндегі шағым осы Digital Agent арқылы қабылданады. 1414 және 1424 телефон номерлері де қоңырау қабылдауға дайын. Сонымен қатар, ҰБТ-ның өткізілуін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшелері қадағалайды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.