Алматыдағы блок бекеттегі апатқа себепші болған Азат Азаматовтың әкесі сұхбат берді. Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері болған. Апат болған күні кезекшілікке түсіпті, деп хабарлайды Информбюро 31.

Күдіктінің әкесі полицияның Азат Азаматов экс-қызметкер деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Ұлымның ішімдік ішкеніне күмәнім бар. Карантин кезінде күндіз-түні, 18-19 күннен жұмыс істеді. Таңғы бесте қалғып кетуі мүмкін. Ұлым қолымен істегенін мойнымен көтереді. Алайда оқыс оқиғаны қасақана жасаған қылмыс деп жала жабуға болмайды. Ешкім олай жасамайды", - дейді әкесі Талғат Мұқашев.