ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев смартфонға енгізілетін құжаттардың тізімін жария қылды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Өткен аптада eGov mobile қосымшасында болатын және тиісті заң қабылданған соң, қағаз құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылатын цифрлық құжаттар туралы жазба жариялаған едім. Қазір қосымшада бар құжаттардан басқа, тағы қандай құжаттардың смартфоныңызда болғанын қалайсыз деген сұрағыма сіздерден көптеген ұсыныс келіп түсті», - деп жазды министр.
Министрдің айтуынша, сол бойынша тізім жасалған және оған мынадай құжаттар енгізілген:
1. Төлқұжат
2. Жүргізуші куәлігі
3. Студенттік билет
4. Көліктің техпаспорты
5. Әскери билет
6. Диплом
7. Қаруды пайдалануға берілген рұқсат
8. Зейнеткер куәлігі
9. Аңшылық билет
10. Мүгедектігі туралы куәлік
11. Жылжымайтын мүліктің техпаспорты
Ведомство басшысы осы құжаттардың бірқатарын мобильді қосымшаға енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдап, қажетті интеграцияны жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын айтты. Сондай-ақ бұл процесті жеделдету үшін аталған мәселені талқылауды жоспарлап отыр.
Асқар Жұмағалиев смартфонға енгізілетін құжат түрлерін жариялады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.05.2020
Әскерге қабылданғандардың барлығы ПЦР тесттен өтеді
28.05.2020
Военных будут помещать на карантин после призыва
28.05.2020
В крупном хищении подозревают главу центра поддержки национального кино
28.05.2020