Алдын ала болжам бойынша, табылған дене қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі. Ол осыдан алты жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Артем Ткаченко, облыстық ПД аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі:
"Хабар - ошарсыз кеткен әйелдің әпкесі туысын киімінен таныды. Осылайша, біз осы сүйек қалдықтары із-түссіз жоғалып кеткен келіншекке тиесілі деп болжап отырмыз. Тергеу барысында осы ауылдың 62 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".