Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Парламент Сенатына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Аталған заң - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай кезеңінде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Яғни, заңда төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмі нақты белгіленеді. Ол үшін «Төтенше жағдай туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.
«Атап айтқанда, «Төтенше жағдай туралы» Заң төтенше жағдай кезеңінде заңнаманың жекелеген салаларының қолданылу ерекшеліктерімен толықтырылады.
Заң жобасында оларға 14 сала жатқызылады:
- салықтық, бюджеттік, кедендік, банктік, еңбек, монополияға қарсы заңнама;
- денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама;
- әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында;
- сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру», - деп түсіндірді министр Дәленов.
Заң жобасында осы жоғарыда аталған 14 сала бойынша тез шешімдер қабылдау үшін ҚР Президентіне төтенше жағдай кезінде тез шешім қабылдау үшін қосымша құзірет беру де қарастырылған.

Просмотров материала: 0