Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп шыққандар, індеттен емделіп жатқандар үшін қан тапсырды. Иммундық плазма донорлары туралы сюжетті "Бірінші арна – Еуразия" телеарнасы көрсетті.
Солардың бірі – Дәулетхан Есімов. Ол 20 наурыз күні денсаулығында кінәрат барын сезеді. Алғашқы бес күнде еш уайымдамаған, ЖРВИ белгісі шығар деп ойлаған. Бірақ өте агрессивті симптоматикаға байланысты туыстарынан оқшауланады.
Дене қызуым 38-ге дейін күрт жоғарылап, аузым құрғап, тамағым қышыды, - дейді донор.
Бес күн бойы ер адам өзін-өзі емдегенімен, әрекеті сәтсіз болады. Ауруханаға екі жақты пневмониямен түсіп, кейінірек бұдан коронавирус расталды. Екі апта стационарда, үш апта үйде жатып, амбулаториялық емдеуден өткен. Бұдан әрі алты ПТР-тест тапсырады. Тек осыдан кейін ғана Есімовті орталыққа антиденені емдеуге қажетті қанмен бөлісуге шақырады.
Тағы бір науқас – елорда тұрғыны Назар Сатпекова. Оның болжамы бойынша, індетті 3 наурызда хоккей ойынына барған кезде жұқтырған. Алғашқы донор секілді бұл да биыл шетелге ұшқан жоқ, шетелдіктермен байланыспаған.
Вирустың алғашқы белгілері 14 наурызда пайда болған. Мұнда да ұқсас оқиға: бірнеше күн өзін-өзі емдеу, ауруханаға жату, пневмония, ал кейінірек расталған диагноз – коронавирус. Әдеттегі өмірге жеті аптадан кейін ғана оралды. Үйде теледидар алдында отырып басқаларға көмектесе алатынын біледі.
"ОРТ Евразия" теоеарнасынан кездейсоқ сюжетті көріп қалдым. Онда "науқастарды құтқара аласыз, донор бола аласыз" деп айтып жатты. Келесі күні бірден Қан орталығына қоңырау шалдым, - деп еске алады әйел.
Қазақстанда 15 сәуірде СОVID-19 емдеу үшін иммундық плазма алу әдісін іске қосты. Оны алуға арналған аппарат әр өңірде бар. Плазма донорларына жеті АЕК (шамамен 20 мың теңге) төлейтін болады. Естелік сыйлықтар тапсырады.

Просмотров материала: 0