«Оралман» сөзінің «қандас» болып өзгеруі - Қазақ көшінің екінші алтын дәуірінің басталуы. Мұндай пікірді қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оралман» сөзі 1997 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» заңы қабылданғанда қолданысқа енген болатын. Содан бері 23 жыл өтіпті, бұл атауды жұрт қабылдай алмай келді. Бұл атау алыстан келген ағайын мен жергілікті халықты жақындатудың орнына, бөлектеп тұрды. 2017 жылы аталған заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде де өзгертуге әрекет жасағамыз. Бірақ, ол ұсынысымыз сәтсіз аяқталып еді. Міне, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен бұл атау «қандас» болып өзгерді. Тіпті, Мәжіліс «бауырлас» деген сөзді қабылдап жіберген жерінен Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі араласып, «қандас» сөзін қайта ұсынды. Бұл – дәуір бөлгіш оқиға болды. Міне, халық өте жылы қабылдап, қолданысқа енді де кетті. Мойнымыздан ажырғымыз алынғандай күйге бөленіп, рахаттанып қалдық. Сол үшін, шеттен келген ағайындардың өкілі ретінде, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына рахмет айтам. Мен бұл өзгерісті – қазақ көшінің екінші алтын дәуірінің басталғаны деп бағалаймын», - деді ол.
Сонымен қатар, қоғам қайраткері енді «қандас» мәртебесінің мерзімін өткізіп алған қандастарымыз Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында «қандас» куәлігінің мерзімін тағы бір мәрте ұзартып алуға мүмкіндігі бар екендігін баса айтты.
«Айта берсек, жаңалықтар жоқ емес. Бұрынғы заң бойынша көшіп келген ағайын тұрақты тіркеу мен азаматтыққа бөлек-бөлек екі рет құжат өткізсе, енді жаңа заңға сай екеуін бір мезгілде тапсыратын болады. Мұның бәрі қандастарымыздың тез құжаттануына кең жол ашады»,- деді Ауыт Мұқибек.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойған еді.

Просмотров материала: 0